» » «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Жосалы» бастауыш партия ұйымында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талқылау мақсатында дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Шараны «Жосалы» бастауыш партия ұйымының төрағасы, ауыл әкімі С.Ескалиева ашып Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі тәуелсіз еліміз үшін тағы бір игі бастамалардың бірі болмақ. Әрине барлығы Елбасымыздың бізді дұрыс жолға бағыттап, бағдар беріп отыруының арқасы деп ойлаймын. Мәселен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалу барысында елімізде көптеген игі оқиғалар, оң өзгерістер орын алуда. Елбасымыздың бұл жолғы Үндеуі де өз кезегінде сәтті қадамдардың бірі болатынына сенемін. Елімізде шағын және орта бизнесті қолдау бұрыннан келе жатқан үрдіс. Елбасымыздың төртінші бастамасы: «Шағын несие беруді көбейту» өзін-өзі еңбекпен қамтыған жатқан шағын кәсіпкерліктер мен жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналып жасалынып жатқан жұмыстарға жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік болатыны сөзсіз. Біз де өз тарапымыздан Елбасымыздың осы Үндеуіне қолдау көрсету мақсатында жергілікті тұрғындар мен бизнес өкілдерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз қажет деп қорытындылады.
12 қыркүйек 2018 ж. 1 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 888
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30