» » Өңірлік түйткілдер әлем назарында

Өңірлік түйткілдер әлем назарында

Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың қаты­суы­мен «Ауғанстан мен Орта­лық Азияда аймақтық серік­тестікті қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуел­ділік үлгісінде құру» тақы­ры­бында министрлік дең­гейінде жарыссөз ұйым­дас­тырылды. 
Шараға БҰҰ Бас хатшысы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сі­нің мүшелері, Орталық Азия елдерінің сыртқы істер минис­тр­лері мен Ауғанстанның Сыртқы іс­тер министрінің орынбасары қатысты. Қазақстанның Сырт­қы істер министрі Қайрат Әбді­рах­манов жиынға төрағалық етіп, бекітілген тәртіп бойынша алғаш­қы сөзді БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришке берді. 
Бас хатшы өңірлік әріптестіктің маңызын атап өтіп, түрлі са­ла­лардағы ынтымақтастықты ор­натудың Ауғанстанға да, көр­ші елдерге де тиімді болатынын мәлімдеді. Оның айтуын­ша, Ауғанстандағы қазіргі жағ­дай­ға қарамастан аталған өңір  бола­шақта келісімнің, бейбітшілік пен әріптестіктің үлгісі болатын мүм­кіндігі бар.
«Орталық Азия талай ғасырға жуық сауда-экономикалық байланыс жолы болғанымен, ондағы елдер тәуелсіздік алған тұста сау­да айналымы төмендеп кетті. Бірақ 2017 жылғы өңірге сапарымда екіжақты байланыстардың түрлі салаларда қайта гүлдене бастағанын көрдім. Мұның экономикаға тигізер пайдасы орасан», деді А.Гутерриш. 
БҰҰ Бас хатшысы Ауған­стан­да қауіпсіздік мәселесі толық­тай шешілмегенін атап өтті. Ел­дегі терроризммен және қыл­мыс­пен күрес өңірдің және бүкіл әлем­нің міндеті. Оған жауап­ты ау­ған үкіметі ғана емес, деді А.Гутер­риш. Сонымен қатар Бас хатшы Орталық Азия мем­лекет­тері мен Ауғанстан бастама­сына жоғары баға бер­ді. Ол су ресурсы, энергетика, инфра­құрылым мен білім сала­сындағы басымдықтардың маңы­зына тоқ­талып, БҰҰ-ның мұндай ын­тымақтастықтарға қолдау білді­ретінін жеткізді. Еліміздегі оқу орындарында мыңға жуық ауған жастарының оқып жатқа­нына да ерекше назар аударды. Бас хат­шы трансшекаралық қыл­мыс, есірткі тасымалы және терро­ризмге қарсы күреске, БҰҰ Жа­һандық контртеррористік стра­тегиясының жүзеге асырылуына басымдық берудің маңызын атап көрсетті. 
Өз кезегінде Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіз, əділ жəне өркендеген əлем құру үшін жаһандық əріптестікті ны­ғай­ту жөніндегі үндеуінде жеті ба­сымдықты ерекше атап көрсет­кенін хабарлады. Сондағы басым­дық­тың бірі ‒ Орталық Азия мен Ауғанстанды бейбітшіліктің, ын­тымақтастық пен қауіпсіздіктің үлгісіне айналдыру. 
Қ.Әбдірахманов Орталық Азия­да бейбітшілік пен қауіп­сіз­дік және әріптестік орнатуға қатысты өз көзқарасын білдір­ді. Ауғанстанда жасалып жат­қан маңызды іс-шараларды атап көрсетті. Сыртқы істер ми­нистрі­нің айтуынша, Ауған­стан­мен шектесіп жатқандықтан Қазақ­стан өңірдегі қауіп-қатерлер мен сы­нақтарды шешуге мүдделі. Қазіргі таңда бірлесе тізе қосып әрекет еткендіктен өңірде өзара түсі­нісуге мүмкіндік туды. Ай­мақ­та келіссөздер жүргізу ортақ мәселелерді шешуге көмектеседі. Министр Ауғанстанды қауіп пен тұрақсыздықтың көзі деп қарас­тыру дұрыс еместігін, елді эконо­микалық мүмкіншілігі мол әріп­тес ретінде есептеу керек екен­дігін жеткізді. 
Ведомство басшысы аймақ­та тұрақтылық пен дамуды қам­та­масыз ету үшін үш басымдыққа негіз қою керектігін атап көрсетті. Бірінші, қауіпсіздік мәселесіндегі қарым-қатынасты нығайту керек. Екіншісі ‒ өңірдегі сын-қатерлер шекараға бағынбайтындықтан, мем­лекеттер арасында ынтымақ­тастықтың орнауы. Қ.Әбдірах­манов соңғы бағыт ретінде аймақ­тағы іс-шаралардың БҰҰ-ның бақылауымен өтуінің маңыз­ды­лығын айтты.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қауіпсіздік Ке­ңесі алаңында Орталық Азия ел­­дерінің мүддесін алға жылжыту тұрғысында Қазақстанның жауап­кершілігі мол әрі үлгі аларлық бастамасын құптады. Ол Ау­ғанстанда есірткі заттарының көптеп өндірілуіне халықаралық бір­лестіктер алаңдаушылық білді­ріп отырғанын айтып, оның тамы­рына балта шабу үшін жедел ша­ралар қабылдауға шақырды. Елдегі ахуалды жақсарту үшін аймақ­тағы мемлекеттер мен халық­аралық қоғамдастықтың бірлесе әрекет етуі қажеттігін сөз етті. 
АҚШ Мемлекеттік хатшы­сы­ның бірінші орынбасары Джон Сал­ливан сөзінде халықаралық қоғамдастық Ауғанстан үкіметі мен Талибандар арасында келіс­сөз ұйымдастыру қажеттігін жет­кізді. Оның пікірінше, «Талибан» ұйы­мын келіссөз үстеліне отырғызу үшін шара қабылдануы керек. 
Қауіпсіздік Кеңесінде сөз сөй­леген Қырғызстан, Өзбек­стан, Тәжікстан және Түрікмен­стан делегациялары бейбітшілік пен тұ­рақ­тылықты сақтау үшін барлық қауіпсіздік мәселе­лерін ше­шуде Ауғанстанға экономи­калық тұрғыда әсер етудің маңыз­дылығын мақұлдады. Олар Ау­ғанстанмен ұзақ мерзімді ынты­­мақтастықты орнатуға пейіл­ді екендіктерін білдірді. Ай­мақ елде­рінің Ауғанстанмен сауда-эконо­микалық байланыс­ты те­рең­детуінің сәтті үлгілері айтылды. 
Орталық Азия мемлекеттері Ауғанстанмен көлік-транзиттік, инфрақұрылымдық, сауда-эко­номикалық, инвестициялық және энергетикалық салада нақты аймақтық жобаларды іске асырып, қарым-қатынасты нығайтуға дайын екендігін жеткізді. Өңірдегі елдер Ауғанстанға қауіп ретінде емес, ашылмаған әлеуеті зор маңызды әрі келешегі кемел серіктес ретінде қараған дұрыс деген пайымға келді. 
Қауіпсіздік Кеңесіне мүше мемлекеттердің өкілдері Ауған­стандағы бейбітшілік пен тұ­рақ­тылықты нығайтуда Қазақ­стан­ның атқарған жұмыстарына ерек­ше баға берді. Еліміздің баста­масы бойынша Қауіпсіздік Кеңе­сінің Ауғанстанға жасаған тұң­ғыш сапарына баса назар ауда­рылды. Сапар барысында елдегі даму динамикасы терең әрі жан-жақты талқыланып, Ауғанстанға көмек көрсету жөнінде шешім қабылданған болатын. 
Жарыссөз қорытындысы бо­йынша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Төр­ағасының Мәлімдемесі қа­был­да­нып, оған ұйымға мүше барлық мемлекет қолдау білдірді. Онда ха­лықаралық қоғамдастықтың ай­мақтық ынтымақтастықты ны­ғайта отырып, дипломатиялық жол­­мен Ауғанстанға көмек беруі­нің маңыздылығы айтылған. Мә­лім­деме Орталық Азияда бейбіт және тұрақты аумақ құруды көз­дейді.
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан» – 

Нью-Йорктен (АҚШ)
22 қаңтар 2018 ж. 961 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031