ЕЛ АРДАҚТЫСЫНА ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ
Бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жерге тағзым» жобасы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – Иіркөл ауылдық әкімі аппаратында өтті.
Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», «Бейбітшілік әлемі» халықаралық шығармашылық бірлестігі өнер бөлімінің директоры Гүлнара Шүкірова Алматыдан туған ауылына келіп, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесі мен біліміне арнаған ардагер-ұстаз Жұмахмет Тәжібаевқа айтулы қоғамдық ұйымның «Ел ардақтысы» медалі мен дипломын тапсырды. Сондай-ақ, халықтар достығының нығаюына, еліміздің рухани, әлеуметтік өсіп-өркендеуіне қосқан сүбелі үлесі үшін ардагер-ұстаз Үсен Баймаханов, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қалдыбек Есмаханов, ауыл әкімі Бүркіт Қалдашбаев, сала майталманы Бағлан Көбекова, Қармақшы ауылының әкімі Әлімбай Білжанов, мәдени қызметкер Әділхан Төлегеновтерді алғыс хатпен марапаттады.
– Ж.Тәжібайұлы кезінде мұғалім болған, мектеп ұжымын басқарған. Оны құруға атсалысқан. Ұстаздың жары Күнзалипа апай да 4-сыныптан бастап 10-сыныпқа дейін ұстазым болды. Осындай кісілердің арқасында нанымды адалынан жеп жүрмін. Елбасының бағдарламасына мың да бір алғыс. Әрбір шәкірттің ұстазын құрметтеу – парызы. Ұстаз қандай да болмасын құрметке лайықты, – дейді Г.Кеңесбекқызы.
Ел ардақтысы Жұмахмет Тәжібаев құрмет көрсеткен шәкірті мен ауыл әкімдігіне алғаусыз алғысын білдіріп, батасын берді. Салтанатта ауыл әкімі Бүркіт Қалдашбаев, №106 мектеп директоры Шырын Нәукебаева, ардагер-ұстаздың шәкірті Жаңылкүл Жақановалар құттықтау сөз сөйлесе, қос өнерпаз – Гүлнара Шүкірова мен Әділхан Төлегенов әннен тарту жасады.

Сәрсенкүл АҚКІСІ,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
«Қармақшы таңы».