» » ЖОЛДАУ ЖІГЕР СЫЙЛАДЫ

ЖОЛДАУ ЖІГЕР СЫЙЛАДЫ

Елбасының жыл сайынғы Жолдауын Қазақстан халқы асыға күтеді. Өйткені, ол баршамыз үшін болашаққа жол сілтер бағыт – бағдарымыз іспетті.  Жосалы ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауын  насихаттау  мақсатында  дөңгелек  үстел  өтті.
Дөңгелек үстелге ауылдық «Ардагерлер кеңесінің» мүшесі С.Сисенов, «Әйелдер кеңесінің» төрайымы, ардагер ұстаз Б.Құлахметова және мекеме басшылары қатысты. Шара барысында ауыл әкімі С.Есқалиева сөз сөйлеп, Жолдаудың төртінші  «Көлік логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру» бағытына кеңінен тоқталып өтті.  Сонымен қатар шараға қатысушылар Елбасы белгілеген негізгі бағыттарды сөз етіп, өз пікірлерін білдірді.
Дөңгелек үстел Елбасының: «Мен үшін қашанда мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қызмет атқарудан артық бақыт болған емес. Елімізде атқарар қыруар істер бар. Бұл жолда біздің ең басты байлығымыз – берекелі бірлігіміз», – деген жігер берер  сөзімен қорытындыланды.
18 ақпан 2018 ж. 1 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 969
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031