» » Ұсынылатын бірнеше оқу жоспарын мектептің өзі таңдайды

Ұсынылатын бірнеше оқу жоспарын мектептің өзі таңдайды

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында Білім және ғылым саласын дамуына ерекше мән беріліп, білім саласының қызметкерлерінің алдына үлкен мақсаттар қойылды. Осы Жолдауда мәселеге жауап беріліп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде (http://www.ortcom.kz) өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
–Мектеп жасындағы балаларды ерте жастан дамыту бойынша біздің алдымызға үлкен міндет қойылып отыр. Бұл мәселені ата-аналарда көтеріп жүрген. Осы мәселе бойынша біз тиісті оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізуіміз керек. Және де, ерте оқу, ерте жазу, жан-жақты дамыту бойынша талаптарды күшейтеміз. Ол үшін әрине біз мұғалімдердің санаттарын арттырып, біліктілігі мен білімділігіг шыңдауға жұмыс жасауымыз керек. Оқу әдістемелік базасын жаңғыртуымыз қажет. Осы тұрғыдағы жұмыстарды министрлік бастап кетті. Келесі бір мәселе – оқушылардың оқу жүктемесін азайту. Бұл мәселеде күзден бастап өте қатты талқыланған тақырыптардың бірі болды. Ата-аналар тарапынан біздің министрліктің мекен-жайына көптеген хаттар келіп түсті. Елбасының биылғы Жолдауын да да бұл мәселе қозғалды. Министрліктің алдына, жалпы білім саласынаң алдына бірқатар мақсат-міндеттер қойылып отыр. Шынында да жүктеме өте көп. Басқа мемлекеттермен салыстырған да, ТМД елдері болсын қай-қайсымен салыстырсақ та, Қазақстанның мектептерінің оқу жүктемесі өте үлкен. Сондықтан да бүгінгі таңда қысқарту жұмысы бойынша біраз жолдар қарастырылып, қазір шешім қабылдауға дайындап жатырмыз. Біз оқу жүктемесін қысқартқанда ең бірінші эксперттермен, педагогтармен, ата-аналармен келісіп, ақылдасып содан кейін ғана шешім шығаратын боламыз. Бұл бір жақтан қабылданатын мәселе емес. Сондықтан осындай тәртіппен шешім қабылданатын болады. Біз ойластырып жатқан тағы бір мәселе бар. Бұл мектептер өздері таңдайтын бірнеше оқу жоспарын ұсынатын боламыз. Өздеріңіз білесіздер, біздің мемлекетімізде әртүрлі мектептің типтері бар. Ол жаңағы гимназия, лицей, өнер мектептері болсын бүгіні күні осы барлық білім ордаларына бір ғана типтік жоспар бар. Сондықтан типтік жоспарлардың өзін әртүрлі қылып, әр мектеп өздері ата-аналармен, қамқоршылар кеңесімен бірігіп шешім қабылдайтындай жағдай жасаймыз деп дайындалып жатырмыз. Келесі мәселе– ол мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыруды жаңарту бойынша. Немесе жаңа аттестациялау жүйесі. Бұл мәселе бойынша бұған дейінгі мұғалімдердің категориялары да, үстемақылары да сақталады, –деді ол.
18 қаңтар 2018 ж. 973 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031