Мәслихаттар сайлауы

Күз

Күздің үнсіз поэзиясын сүймес кім?
Сыршыл оның шағымен бір үйлестім.
Сары ғалам көріністен өткеннің,
Парақтарын оқығандай күй кештім.
Жаңғырғандай естелігі көңілдің
Сыр шертті бір жүрегімнің төрінде үн.
Жерге қонды жапырақтар үзіліп,
Әр сәтімен қоштасқандай өмірдің.
Тамылжыған мұңды күзгі тұмса бақ,
Қанық алтын түске енді күн санап.
Күзгі тұман жанымның бір беймәлім,
Сағынышын алған сынды тұмшалап.
Сұрғылт бұлттар торлап алып аспанды,
Үдеп желдің шерлі күйі басталды.
Күзгі мұңның терең тартып сырына,
Көк күмбездің жанарынан жас тамды.
Сыңсып ұшқан жаздың қимай шаттығын,
Құс біткенге қош айтыса батты күн.
Ұмыт болған сезімдерді оятар,
Сары әлемді күздің мұңы тәтті мұң.
Руслан СӘУЛЕБЕКҰЛЫ
23 қараша 2026 ж. 25 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10556)

21 қараша 2026 ж.

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 545

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30