Күз (өлең)



Неткен ғажап
көрініс сондай күзгі рең,
Алтын кілем
жапқан бір сынды түзді кең.
Мамыражай
шуақты күнге малынып,
Күллі әлем
қоңырқай тарта мүлгіген.

Құбылмалы
күннің де райы күздегі,
Ерекше сән
түзеді құстар тiзбегi.
Болар бәлкім
әсері сары мезгілдің,
Көңіл алаң
бiр жанды сезем iздедi.

Бүкіл әлем
сан түрлі түске малынып,
Жапырақтан
қара жер көрпе жабынып.
Адамзаттың
сағыныш айы бұл мезгіл,
Менде жүрмін
беймәлім жанды сағынып.

Қызғылт түске
боялып түгел атырап,
Шыдас бермей
үзiлдi желге жапырақ.
Жасын бұлап,
тамшылап көктен бір мезгіл,
Жай отынан
сөгiлдi бұлттар қақырап.

Бейнелеуші
табиғат-ана ұлы тек.
Жыл мезгілін
айтамын соның бірі деп.
Құлазып түз,
меңiрeу тартып тұрсада,
Ғажайып бір,
күзде бар баурар құдipeт.


Руслан Сәулебекұлы
10 қараша 2021 ж. 1 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 991
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031