Құрылтай
» » » Күзгі бақта (өлең)

Күзгі бақта (өлең)


Жаңбырлы күн, бүгін сондай сүреңсіз,
Сағынышпен сырлас сынды күрең күз.
Соңырқап бip соққан желге ағаш та,
Жапырағын төгіп жатыр үнемсiз...

Табиғаттың жабырқаулы күзгі әрі,
Мұңды шақ бұл сағындырар бiздi әлi.
Кеудемдегі шексіз сезім жалынын,
Өршiтiп бip үрлегендей ызғары...

Сары әлемнің құшағына еніп бip,
Табиғатқа сыр айтқым-ақ келiп тұр.
Мүлгіген бұл мұңды күзде менсіз де,
Көз жасына көк те ерiк берiп тұр...

Айтпағымды ұққан сынды тылсымы,
Күркіреп бір көктiң шықты күрсіні.
Жә, жарайды, бүгін қалсын ашылмай,
Ақыныңның iште жатқан бip сыры...
Руслан СӘУЛЕБЕКҰЛЫ
09 қазан 2021 ж. 1 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 572
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 037

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31