» » Күзгі сыр

Күзгі сыр

qarmaqshy-tany.kz Өлкемізге тағы бір күз келіп жетті. Күз басталғаннан бері де екі ай өте шықты. «Жаз қашан?» деп асыға күткен әрбір пенденің сол жазда бітіретіні шамалы. Күйбең тірлікпен қалай өткенін де білмей қаламыз. Биыл жайдарлы жаз бізбен қимай қоштасқандай болды. Жылдағыдай емес, жапырақтар да кеш сарғайды. Күннің көзі ашық. Жаздың аптап ыстығы басылып, ауа салқын тартты. Десе де, айналамызға назар салсақ, көңіл жылытар көріністер көп-ақ.

Қазақтың қолға қалам алған қаламгерлері күздің ерекшелігін әрқалай суреттеген. Мәселен, Фариза Оңғарсынова апамыз «Ерке өзендер жатпайды тасып ағып, таулар да тұр жамылып басына бұлт, ақ қайыңдар жылайды жапырағын байқаусыз шашып алып…» деп жырласа, Қалқаман Сарин «Көңілді қоңыр салқын саз жүдетіп, көз жетті кеткеніне жаздың өтіп. Құлайды жапырақтар құба талдан, күрең күз құдіретіне тағзым етіп» деп өзінше суреттейді.
Негізінде ауа райының өзгеруі адамдардың көңіл-күйіне әсер етеді. Бәлкім терісі қалың, тоңмойын адам суықты да, жапырақтардың сарғайып құлап түсіп жатқанын елемеуі де мүмкін. Бұл рухани тұрпайылық па, әлде күштілік пе? Бұл туралы өте көп ойлар айтуға болады. Дегенмен де өз басым соңғы кезде ғана ауа райының өзгерістеріне, тек ауа райы ғана емес, жалпы дүниедегі, өмірдегі өзгерістерге назар аудара бастадым. Күнделікті өмірде анаған қол жеткіземіз, мынаның шырқау шегіне жетеміз деп шапқылап жүріп, көз алдымызда жайқалып өсіп тұрған жасыл әлем сары түспен алмасып үлгерген кезде ғана, осы маусымды артқа тастағанымызды бір-ақ байқаймыз. Күн суытты деп бүрсеңдеп жүргенде қыстың қалай келгенін аңғармаймыз.
Ойланып қарасақ, әрбір мезгілдің өзіндік кереметі бар. Көктемде ағаштың бүр жаруы, алғаш гүлдеуі өзінше әдемі. Ал жазда жан-жағымыз түгел жайнайды. Төбемізде күн күлімдеп, жанға жайлылық сыйлайды. Ал күзді көпшілігі «көңілсіз» мезгілдер қатарына жатқызады. Әсте де олай емес. Көре білген жанға, күз ерекше сұлу. Қызыл-сары және алтын түске боялған жапырақтар бейне бір сурет секілді. Әрбір жапырақ өзінше сұлу. Тіпті адам дәл солай бояғысы келсе де, қолынан келмес еді. Бұл табиғаттың сыйы. Ал қыста айнала ақ мамыққа оранады. Менің түсінігімде, әр мезгіл өзінше әсем. Мұндай әдемілікті байқау үшін адамның жаны да сұлуы болуы керек шығар.
Бала кезімізде мектепте «күз туралы шығарма жазыңдар» десе, «күз келді, айнала сары алтынға оранды…» деп бастап ала жөнелетінбіз. Сурет сабағында түрлі-түсті қарындашпен сары жапырақтарды бір-бірімізбен жарыса отыра әдемілеп салсақ, ал еңбек мұғалімінің «гербарий дайындап әкеліңдер» деген тапсырмасын естіген сәтте төңіректен жапырақ теріп кетуші едік. Оны кітаптың арасына салып кептіріп, артынан альбомға желіммен жапсырып әлек болатынбыз. Сары күзден осылар әдемі естелік еді.
Ал қазір бойдағы көңілсіздікті күзге жабуға құштармыз. Негізінен күз – тоқшылықтың белгісі. Берекелі де мерекелі мезгіл. Далада күз болса да, көңілдеріңіз жадыраңқы болсын. Күн суыса да, ең бастысы көңіл суымасын.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
16 қараша 2023 ж. 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 297

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 395

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930