Құрылтай

Қараша күз

Түксиген қату қабақ қараша күз,
Боялып түрлі түске сан аса түз.
Мұңая сары әлем сыр айтардай,
Суыртпақ ақтарыла қаласаңыз.
Шық түсіп соңын нөсер қарымталап,
Бұл да бір көңілге сеп жабырқамақ.
Қызығып алтын түсті жапыраққа,
Тентек жел кете барды барымталап.
Қыздарын ұзатқандай бар ұлыс һәм,
Сыңсыды құстар қанат қағып ұшқан.
Сарғайып күллі әлем кеткен сынды,
Беймәлім мендегі бір сағыныштан.
Сәбидің көңіліндей балаң елік,
Кешікпей түске қалар ғалам еніп.
Қозы көш жерден шашын қырау шалған,
Кәрі қыс жатыр еміс хабар беріп.
Руслан СӘУЛЕБЕКҰЛЫ
15 қараша 2023 ж. 934 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 539
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 012

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031