Жыл келеді


Жыл келеді ...
Жырға енеді жыл жаңа,
Ақ ұлпасын төсеп, Сырға, Қырға да.
Аймағымды аттап басқан қадамы
Құтты болсын! Тілегім сол – бір ғана.

Жыл келеді...
Келген сәтте таянып,
Айқұшағын айқара ашпас қай Алып?
Қала берер естелік боп ескі айлар
Атаулы Күн алтын түске боялып.

Жыл келеді...
Жыл дегенің – Жылнама!
Жеткеніме шүкір жаңа жылға аман!
Өтер жылға өкпе артпаймын десем де
Келер жылдың келбетінен сыр бағам.

Жыл келеді...
Жетегінде – тәтті үміт,
Тышқан жылы әкелсін тек – жақсылық.
Алаңдарға жасыл шырша орнатып,
Адамдарға шаттық шамын жақтырып.

Жыл келерде...
Сен де елеңдеп қарағым,
Қабырғаға қанша мәрте қарадың?
Өзің сынды мен де асыққам жыртуға –
Күнтізбенің ең ақырғы парағын.

О , Жаңа жыл!
Жыл – он екі ай – арасы,
Сағат тілі – ол да он екі, қарашы!
Тек мен емес , бұл мезетке ынтызар –
Күткен мұны күллі Адамзат баласы!
Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
01 қаңтар 2020 ж. 1 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 196
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 385

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30