» » » Ақ мамыққа дала оранар кез келді

Ақ мамыққа дала оранар кез келді


Қыс келеді...
Тұнжыраған мынау бақ,
Менің көңілім күрең бұлтты тұр аулап.
Аймақ тұтас ақ әлемге айналып
Жауатындай алғашқы қар қылаулап.

Қыс келеді...
Келеді әне, алшаңдап,
Абдырамай ат шанаңды ал қамдап.
Менің көршім той жасай ма, білмеймін,
Ала жаздай үлгермеген жар таңдап.

Қыс келеді...
Білетінім – қыс қатал,
Беті қатты боранмен кім ұстасар?
Тұмауратып қаламын-ау, түшкірем
Жеңіл-желпі жүремін деп тыста сәл.

Қыс келеді...
Аязы әлек баяғы,
Көлденең кеп кімді, нені аяды?
Желтоқсанның желі азынап бергенде –
Есіңді алар аш қасқырға сай "әні".

Қыс келеді...
Жынын қуған бақсыдай,
Құтырғанын кім қаласын тап бұлай.
Қарашада қаздар қайтып кеткенде
Қайтқаны есте менің де әкем – Жақсыбай...

Қыс келеді...
Көше кешіп көк тайғақ,
Көктемнің де кешігерін етті айғақ.
...Көтеріп ап жалбыр тонның жағасын
Мен келемін қайдағы бар-жоқты ойлап...

Қыс келеді...
                                                                                                                     
                                                                                                                       Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
26 қараша 2019 ж. 856 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930