» » Қал нені білдіреді?

Қал нені білдіреді?

Қал нені білдіреді?
Әр адамның тәнінде қал болатыны анық. Адамдар оның пайда болуы мен орналасуын ұзақ уақыт бойы зерттеп келеді. XVIII ғасырда беттегі қал сәнге айналған болатын. Бойжеткендер мен бозбалалалар қалды қарындаштың көмегімен салып, кейде барқыт матадан жасайтын болған. Аталған матадан жұлдыз, ай, қайықша сынды формалар кескен. Мұндай «қалдарды» арнайы қорапшада сақтаған. Олардың орналасуының өзіндік мәні болған. Олай болса, тәніміздегі қалдардың нені білдіретінін анықтап көрейік. 
Көздің айналасында орналасқан қал – адам өлтіруші. Ол сезімге құштар әйелдерге тиесілі. Олар әдетте «Батылың жетсе, мендей әйелді сүйіп көр» сынды сөздерді жиі айтады.
Маңдайдың ортасында орналасқан қал – ұлылық. Ол иесінің мақсатына жетпей тынбайтындығын, болашаққа құрған жоспарының алып екенін білдіреді. «Сіздер мені бағалай алмайсыздар, мені әлі өзімнің кім екенімді танытамын» деп тұрғандай әсерге бөлейді.
Шекедегі қал – өзгергіштік. Оның иесі тұрақсыз келеді. Көңіл күйі Алматының ауа райындай құбылып отырады.
Мойынның ортасындағы қал – пысықтық. Мойнында қалы бар адамдар махаббат сезімі туралы барлығын біледі. Серіктерін жиі ауыстырып, соңғысымен достық қарым-қатынаста болады.
Ал заманауи болжаушылар келесідегідей талдау жасады:
Шекесінде қалы бар адамдар өте ақылды, зерек келеді. Үнемі жетіліп отыруды жөн көреді.
Шекесінің сол жағында қалы бар адамдар өзгенің сөзіне ергіш келеді. Өздігінен таңдау жасай алмайды. Әрекетті ойланбастан жасайды.
Көзінің шетінде қалы бар адамдар - өте салмақты, ақшаны орнымен жұмсайтын, қарапайым, қымбат киімді ұнатпайтын жандар.
Оң жақ қасында қалы бар адамдар айналасындағыларға тез бауыр басады. Өмірлік жарын тез таңдайды. Және арада ұзақ уақыт өтсе де, қосағын мәңгілік сүйіп өтеді.
Ал сол жақ қасында қалы бар адамдар ақылға қарағанда, сезімге ерік беруді жөн көреді. Серіктерін қате таңдағандарын біраз уақыттан кейін ғана түсінеді. Алайда барлығын басынан бастауға қауқарлары жетеді.
Сәуегей адамдардың сол жақ құлағында қал болады.
Оң жақ бетінде қалы бар адамдар отбасылық өмірде бақытты болады. Үнемі жолы болып, періштесі қолдайды.
Ернінің айналасында қалы бар адамдар мінезді келеді. Өте сезімтал әрі айналасындағылардан көмекті аямайды.
Мұрнында қалы бар адамдар саяхаттағанды жақсы көреді. Болашағы жарқын болады.
Ғалымдар қал неғұрлым үлкен болса, соншалықты тағдырға қатты әсер ететіндігін айтады. Ал дененің барлық бөлігінде кездесетін қалдар ешнәрсені білдірмейді. Бұрынғы заманда бақсы-балгерлер адамның қалына қарап, оның тағдыры мен мінезі туралы айтатын болған екен.
23 тамыз 2018 ж. 3 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031