«БӘЙТЕРЕК» БК» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖОЛДАУ БАСЫМДЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Әділет» партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы Мақсат Есбенбетов пен партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Сейл Жұмадьяров №42 ұшу алаңы маңында орналасқан «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорны» АҚ қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған негізгі міндеттер мен стратегиялық басымдықтар талқыланды.
Атап айтқанда, ел экономикасын дамыту, өндірістік әлеуетті арттыру, заманауи технологияларды енгізу, цифрландыру, еңбек өнімділігін арттыру және адами капиталды дамыту бағыттарына назар аударылды.
Сонымен қатар Байқоңыр ғарыш кешенінің стратегиялық маңызы, ғарыш саласының даму перспективалары, отандық мамандардың кәсіби әлеуеті мен осы саладағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері сөз болды.
Ашық пікір алмасу барысында кәсіпорын қызметкерлері өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін білдіріп, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.
Мұндай кездесулер Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді кеңінен түсіндіруге, еңбек ұжымдарымен байланысты нығайтуға және ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік береді.















