Мәслихаттар сайлауы
» » «ҮЗДІК БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЯРЛЫҚ ПЕДАГОГІ – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ҰСТАЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ!

«ҮЗДІК БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЯРЛЫҚ ПЕДАГОГІ – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ҰСТАЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ!


Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға. Ал бастапқы әскери даярлық пәнінің педагогі жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, тәртіп, жауапкершілік, қайсарлық пен табандылық қасиеттерін сіңіретін маңызды тұлға.

Қармақшы ауданында өткен «Үздік бастапқы әскери даярлық педагогі – 2026» байқауының аудандық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен №274 орта мектебінің бастапқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Теңизбаев Бекзат Аскарович облыстық кезеңге жолдама алған болатын.

Облыстық кезеңді Қызылорда облысының білім басқармасының Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы ұйымдастырды.

Облыстық байқауда аудан намысын абыроймен қорғаған Бекзат Аскарович кәсіби шеберлігі мен біліктілігін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Бұл – ұстаздың тынымсыз еңбегі мен кәсіби ізденісінің, шәкірт тәрбиелеу жолындағы адалдығының жемісі.

Қармақшы ауданының мерейін асқақтатқан Бекзат Аскаровичті шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби жетістік, биік белестер мен толағай жеңістер тілейміз!

Патриотты ұрпақ тәрбиелеу – ел болашағына қызмет ету!

Ұстаз еңбегі – ұлт болашағының кепілі!

20 қараша 2026 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 401
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 527

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30