«ҮЗДІК БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЯРЛЫҚ ПЕДАГОГІ – 2026»
Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға. Ал бастапқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі жас ұрпақтың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың бойына жігер, қайсарлық, табандылық пен жеңіске деген сенім қалыптастырады.
Осы мақсатта Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектеп базасында «Үздік бастапқы әскери даярлық педагогі – 2026» байқауының аудандық кезеңі жоғары деңгейде өткізілді.
Байқау барысында ауданның бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімдері өздерінің кәсіби шеберліктерін, шығармашылық ізденістерін, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану тәжірибелерін ортаға салды.
Сайыс әр педагогтің білімі мен біліктілігін саралап, озық тәжірибесін танытуға мүмкіндік берген тағылымды алаңға айналды. Қатысушылардың әрқайсысының еңбегінен шәкірт тәрбиесіне деген жауапкершілік, отанға деген сүйіспеншілік және ұстаздық мамандыққа деген адалдық айқын көрінді.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – №274 орта мектебінің бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімі Теңизбаев Бекзат Аскарович
Теңизбаев Бекзат облыстық кезеңге жолдама алды!
ІІ орын – №85 орта мектеп бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімі Бибитбаев Дархан Муратбекович
ІІІ орын – №28 орта мектебінің бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімі Қабылов Даниял Еділұлы .
ІІІ орын – №106 орта мектебінің бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімі Ахметов Жалғас Ұзақбайұлы.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай отырып, облыстық кезеңге жолдама алған Теңизбаев Бекзатқа сәттілік, биік белестер мен толағай табыс тілейміз!
Патриотты ұрпақ – елдің жарқын болашағы!
Барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт, кәсіби биіктер және шәкірттерінің жарқын жеңістерін тілейміз!
Жеңіс – маңдай тер мен табанды еңбектің жемісі!
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағына салынған сара жол!













