Құрылтай
» » Жауынгерлік даярлықтың маңызды кезеңі: Қарулы күштердің әскери қызметшілері мамандық бойынша даярлыққа кірісті

Жауынгерлік даярлықтың маңызды кезеңі: Қарулы күштердің әскери қызметшілері мамандық бойынша даярлыққа кірісті


Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде жауынгерлік даярлықтың кезекті кезеңі – мамандық бойынша даярлық басталды. Оқу барлық әскери бөлімдерде ұйымдастырылып, әскери қызметшілердің лауазымдық міндеттеріне сәйкес кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Мамандық бойынша даярлық оқу кезеңінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады және әскери міндеттерді сапалы орындаудың негізін қалайды. Осы кезеңде әскери қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін меңгеріп, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін үйренеді.

Мерзімді әскери қызметшілер үшін бұл – әскери мамандықты жүйелі түрде игерудің алғашқы кезеңі. Ал келісімшарт бойынша қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін кәсіби шеберлігін жетілдіріп, даярлық деңгейін тұрақты арттыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы оқу кезеңінде түрлі әскери мамандықтар бойынша 25 мыңнан астам әскери қызметші даярлықтан өтуде. Оқу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында 2,5 мыңнан астам оқу тобы құрылып, әрбір әскери қызметшіге жеке тәсілмен дайындық жүргізу мүмкіндігі жасалды.

Сабақтарды қажетті тәжірибесі мен әдістемелік дайындығы бар офицерлер мен сержанттар қатарынан жасақталған нұсқаушылар өткізеді. Даярлықтың практикалық бағыты әскери қызметшілерге теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану кезінде нақты іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің аға офицері майор Нұрзат Оразбектің айтуынша, мамандық бойынша даярлық әскерлердің одан әрі жауынгерлік даярлығының негізі болып табылады.

– Дәл осы кезеңде әскери қызметші өз әскери мамандығы бойынша міндеттерін сенімді орындауға қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Әрбір маманды сапалы даярлау бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылына, жауынгерлік машық деңгейіне және Қарулы күштердің алға қойылған міндеттерді орындауға дайындығына тікелей әсер етеді, – деді майор Нұрзат Оразбек.

Даярлық курсы аяқталғаннан кейін, 10 тамыздан бастап барлық әскери бөлімдерде бақылау сабақтары өткізіледі. Оның барысында әскери қызметшілер оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін және жауынгерлік даярлықтың келесі кезеңдеріне дайындығын көрсетеді.
10 шілде 2026 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 441
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 948

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031