2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
» » «ҮЗДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПЕДАГОГІ – 2026»

«ҮЗДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПЕДАГОГІ – 2026»

Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға. Ал дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жас ұрпақтың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың бойына жігер, қайсарлық, табандылық пен жеңіске деген сенім қалыптастырады.

Осы мақсатта Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ш. Уәлиханов атындағы №26 орта мектеп базасында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2026» байқауының аудандық кезеңі жоғары деңгейде өткізілді.

Байқау барысында ауданның дене шынықтыру пәні мұғалімдері өздерінің кәсіби шеберліктерін, шығармашылық ізденістерін, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану тәжірибелерін ортаға салды.

Сайыс әр педагогтің білімі мен біліктілігін саралап, озық тәжірибесін танытуға мүмкіндік берген тағылымды алаңға айналды. Қатысушылардың әрқайсысының еңбегінен шәкірт тәрбиесіне деген жауапкершілік, спортқа деген сүйіспеншілік және ұстаздық мамандыққа деген адалдық айқын көрінді.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын – №279 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Рсалиев Сәкен.
Сәкен Рсалиев облыстық кезеңге жолдама алды!

ІІ орын – №277 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Байдилдаев Асет.

ІІІ орын – №79 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Құлбаев Талант.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай отырып, облыстық кезеңге жолдама алған Рсалиев Сәкенге сәттілік, биік белестер мен толағай табыс тілейміз!

Дені сау ұрпақ – елдің жарқын болашағы!

Жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулып, спортқа деген қызығушылығын арттырып жүрген барша дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне алғыс білдіреміз!

Барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт, кәсіби биіктер және шәкірттерінің жарқын жеңістерін тілейміз.

Жеңіс – маңдай тер мен табанды еңбектің жемісі!

Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағына салынған сара жол!

24 қыркүйек 2026 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 907
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 157

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930