ҚАРМАҚШЫЛЫҚ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ – СПОРТТАҒЫ ЖЕҢІСТЕРІМЕН ҚУАНТТЫ
Қызылорда қаласында өтіп жатқан білім қызметкерлерінің дәстүрлі ІХ облыстық спартакиадасы аясындағы тартысты бәсекеде Қармақшы ауданының құрама командасы жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
ҮСТЕЛ ТЕННИСІ – І ОРЫН
Жеңімпаздар: Тұртбаев Азамат – №275 орта мектеп, Оспанов Жасылбек – №277 мектеп-лицейі, Қаракулова Асылзат – №275 орта мектеп
БАСКЕТБОЛ 3х3 (ЕРЛЕР) – ІІ ОРЫН
Құрама команда мүшелері: Бахытов Азамат – №275 орта мектеп, Аманжол Орынбек – №298 орта мектеп, Әбтаев Талғат – №250 мектеп-лицейі, Алиев Серик – №250 мектеп-лицейі
БАСКЕТБОЛ 3х3 (ҚЫЗДАР) – ІІІ ОРЫН
Құрама команда мүшелері: Ақпейілова Гүлдана – №269 орта мектеп, Дүйсенова Роза – №277 орта мектеп, Байекешова Айгерім – №80 мектеп-гимназиясы, Мирамбекқызы Салтанат – №274 орта мектеп, Жолдыбаева Сарқыткүл – №274 орта мектеп
ЖАРЫСТЫҢ ҮЗДІК ОЙЫНШЫЛАРЫ:
Әбтаев Талғат – №250 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі; Қасымов Бағдәулет Ертуғанұлы – №272 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі; Әлшекенова Гүлжанат Бағдәулетқызы – №274 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі.
Бұл жетістіктер – спортшыларымыздың жоғары шеберлігі мен табандылығының, ұйымшылдығы мен командалық бірлігінің жарқын көрінісі.
Қармақшы ауданының білім саласы қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген белсенділіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

















