Топ-баннер
» » ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА - ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА - ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ


Білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің ұйымдастыруымен “Дарынды балаларға – талантты ұстаз” атты республикалық байқаудың аудандық кезеңі №284 мамандандырылған мектеп-лицей интернатында өткізілді.

Аудан педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашыл әрі жаңашыл ұстаздарды анықтау, олардың озық тәжірибесін насихаттау және дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жүргізетін мұғалімдердің еңбегін қолдау мақсатында өткізілген іс шараға арнайы білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлы және білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы Есханова Ләззат Серікбайқызы қатысты.

Байқау барысында қатысушылар өздерінің әдістемелік ізденістерін, инновациялық идеяларын ұсынып, кәсіби біліктіліктерін көрсетті.
Байқау барысында Сырдария ауданы №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі, 2025 жылғы республикалық «Үздік педагог – 2025» конкурсының жеңімпазы Төлеген Піржан Ержанұлы және 2025 жылғы “Дарынды балаларға – талантты ұстаз” республикалық байқауының бас жүлдегері Сырдария ауданы О.Әбілпатаев атындағы № 210 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі, білікті маман Аманбеков Заманбек Асылбекұлы мен «Үздік педагог – 2024» байқауының жеңімпазы ауданымыздың үздік педагог-психологы Медеуова Эльмира Құдайбергенқызы сарапшылық етіп, үміткерлердің шеберлігіне, тәжірибесінің тиімділігіне және дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі нәтижесіне жан-жақты баға берді.

Байқау қорытындысы аясында білім бөлімінің басшысы Берік Съездұлы сөз сөйлеп, мұндай маңызды байқаулар ұстаз мәртебесін арттырып, білім беру сапасының дамуына зор үлес қосатынын атап өтті.

Сонымен қатар білім бөлімінің басшысы байқау жеңімпаздарын арнайы дипломдармен марапаттап, қатысушы барша ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.

12 ақпан 2026 ж. 62 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 471
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 305

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728