«ЕРЛІК-ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН» АТТЫ ЕРЛІК САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты №106 орта мектебінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ерлік сабағы» өткізілді.
Кездесуге Қармақшы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы майор Мусаев Қайсар Байболатович және Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдіскері Сейілбек Төлепбергенұлы қатысып, «Ерлік сабағы» басталмас бұрын қонақтар арнайы дайындалған «Жас Ұлан» балалар мен жөсөспірімдер ұйымының әдеби монтажымен, бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімі Жалғас Ахметовтің бастамасымен дайындалған арнайы әскери көрмемен таныстырылды. Сондай-ақ азаматтарды қорғауда, адам өмірін сақтауда өздерінің үлестерін қосқан ерліктің үлгісін көрсеткен бейбіт заманның батырларынан көрме ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушыларға Отанды қорғау, елге қызмет ету, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмнің маңызы түсіндіріліп, Қазақстанның әскери және азаматтық ерлік тарихы жөнінде тағылымды ақпараттар берілді.
Кездесу барысында оқушыларға ерлік, отанға деген сүйіспеншілік және ел болашағы тақырыптарында пікір алмасты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттар алды.
«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі» қағидасын негізге алған мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға және ел тарихын құрметтеуге ықпал етеді.
















