» » Әдістемелік жиын

Әдістемелік жиын



Жақында Ү.Томанов атындағы №183 мектепте ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы қаулысына сәйкес бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушыларымен 3 күндік әдістемелік жиын өтті.
Жиынға аудандық қорғаныс істері жөніңдегі бөлімінің бастығы Р.Тұрғанов, жасақтау тобының бастығы майор Т.Найманбеков, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ә.Ерекешов, жасақтау тобының инспекторы М.Әбдікерова мен бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушылары қатысты.
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, капитан Рүстем Тұрғанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін кадрлармен толықтыру жұмыстарының 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша әскери оқу орындарына талапкерлерді іріктеу, жастарға әскери патриоттық тәрбие беру жолындағы жетістіктері үшін бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушыларын Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығының арнайы марапатын табыстады. Одан соң ол 2020-2021 оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылында оқушыларға әскери-патриоттық сезімді оятатын сапалы жұмыстар атқарылуын тапсырды. Теориялық және тематикалық сабақ жөнінде пысықтама жұмыстары айтылып, нақтыланды. Әрі жаңа оқу жылына толағай сәттілік пен табыс тіледі.
Айнұр ӘЛИ
07 қыркүйек 2021 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930