» » Мерекелік марапат

Мерекелік марапат

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай салтанатты жиын өтті. Аймақ басшысы өңірдегі Қарулы Күштер, қорғаныс істері саласының әскери азаматтарына «Алғыс хат» табыстады.
– Сіздерді Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 29 жыл толу мерекесімен құттықтаймын. Отан қорғау – күн сайынғы ерлік екенін ескеретін болсақ, қорғау­шыларымыздың арқасында биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай, егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйесін бекем ұстауда жылдар бойы өз үлесін қосып келген азаматтарымызды мара­пат­тайтын боламыз, – деді облыс әкімі.
Марапатталушылардың қа­тарын­да облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұ­мылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» ком­муналдық мем­лекеттік мекеме бас­шысының орынбасары Бауыржан Садықов, Қызылорда облысының ау­мақтық қорғаныс бригадасының 99215 әскери бөлімінің командирі, пол­ковник Керімбай Ойықбаев, Қыз­ыл­орда облысының қорғаныс іс­тері жөніндегі департаментінің Жаңа­­­қорған аудандық бөлімінің жа­­­сақ­тау бөлімшесінің бастығы Жас­ұлан Шанкулов, ҚР Ұлттық қауіп­сіздік комитеті Шекара қыз­меті­нің Қы­зылорда облысы бойынша де­пар­таментінің, идео­ло­гиялық және кадр­лық жұмыстар бөлімінің бастығы, майор Нұрбек Абдиракинов, ҚР Қорғаныс ми­­­нистрлігінің 66597 әскери бө­лі­­­мінің ефрейторы Шапағат Болатов, ҚР Ұлттық ұланының 5547 әс­кери бөлімінің батальон ко­­ман­дирі, майор Жасұлан Беркенов бар.
Жиын соңында Қызылорда облы­сының Қорғаныс істері жөнін­дегі де­пар­таментінің бас­тығы, полковник Ай­дын Сағын­дықов көрсетілген құр­­метке алғыс айтып, мерекемен құт­тық­тады.
08 мамыр 2021 ж. 782 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930