» » Әскери ардагерлерге арналған салтанатты шара

Әскери ардагерлерге арналған салтанатты шара


Қызылорда гарнизонында Қазақстан Республикасы «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.
Бұл іс-шара «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы запастағы подполковник Мыңділда Ршауовтың бастамасымен жүзеге асты. Сонымен қатар, Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінің, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебінің жеке құрамы және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының мүшелері осы шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.
Жиын барысында гарнизон бастығы мен ұйымдастырушылар Қызылорда гарнизонының бірнеше ардагеріне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, ҚР ҚК Бас штабы бастығының және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының арнайы алғыс хаттарын табыс етті.
  • Ардагерлеріміз зейнетте жүрсе де, Қарулы Күштердің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосып, әскери ардагерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауда. Жастарымызға патриоттық тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Ардагерлерге құрмет көрсету біздің және өскелең ұрпақтың міндеті, - дейді филиалдың төрағасы, Мыңділда Ршауов.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант  Мұхит Қонаров
29 маусым 2021 ж. 949 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 369
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930