Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында ерлік сабағы кездесу форматында өткізілді.
Кездесуге Қармақшы аудандық прокуратурасының прокуроры Сәду Әділет Сағымбекұлы ,Қармақшы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Жүнісов Үсен Кенжебекұлы, Қармақшы аудандық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің мүшесі, Ауған соғысының ардагері ұстаз Жалмағамбетов Әбутәліп Нәбиұлы, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Әлиев Мағауия Бердібекұлы, Қармақшы аудандық білім бөлімі әдіскерлері Тоқшылықова Ақтолқын Каналбекқызы және Төлепбергенұлы Сейілбек арнайы қатысты.
Кездесу басталмас бұрын қонақтар арнайы дайындалған «Жас Ұлан» балалар мен жөсөспірімдер ұйымының әдеби монтажымен, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Ешбаев Орынбектің бастамасымен дайындалған арнайы әскери көрмемен таныстырылды. Сондай-ақ азаматтарды қорғауда, адам өмірін сақтауда өздерінің үлестерін қосқан ерліктің үлгісін көрсеткен бейбіт заманның батырларынан көрме ұйымдастырылды. Музыка пәні мұғалімі Арай Мирамбекқызының хор ұжымының шығармашылығын тыңдап, жас өрендердің өнерлерін тамашалады.
Сонымен бірге 9-10 сынып жетекшілері А. Жансейітова, Л. Байұзақова, Г. Темірбаева мен А. Баймахановалардың ұйымдастыруымен ерлік ұғымы бойынша кейс дағдыларды шешу, оқушылармен бірлескен патриоттық бағыттағы шығармашылық жұмыстармен жалғасып, ерлік ұғымы бойынша бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шара барысын жүргізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н. Сайлауов оқушылармен бірлескен жұмыстар барысында кездесуге қатысқан қонақтардың да пікірлерін жеткізіп, тартысты өтуіне үлесін қосты.
Кездесуді мектеп-лицей директоры Н. Раймов қорытындылап, пікірін жеткізді.
Жалпы танымдық бағыттағы ерлік сабақтарының мақсаты- Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін, елінің қадір қасиетін түсінетін азаматты тәрбиелеу және батырлардың ерлік істерін насихаттау арқылы әскери патриоттық тәрбие беру болып табылады.
Мұндай тәрбиелік мәні зор тағылымды шаралар оқушыларды Отан алдындағы жауапкершілігін арттырып, елін қорғауға деген патриоттық рухын нығайтады деген сенімдеміз.














