» » Патриоттық тәрбие – басты құндылық

Патриоттық тәрбие – басты құндылық




А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында ерлік сабағы кездесу форматында өткізілді. Жиынға аудандық прокуратураның прокуроры Сәду Әділет, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Үсен Кенжебекұлы, аудандық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің мүшесі, Ауған соғысының ардагері, ұстаз Әбутәліп Нәбиұлы, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Бердібекұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Ақтолқын Каналбекқызы және Сейілбек Төлепбергенұлы арнайы қатысты.
Кездесу басталмас бұрын қонақтар «Жас Ұлан» балалар мен жөсөспірімдер ұйымының әдеби монтажын тамашалап, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі О.Ешбаевтың бастамасымен дайындалған арнайы әскери көрмемен таныстырылды. Сондай-ақ азаматтарды қорғауда, адам өмірін сақтауда өздерінің үлестерін қосқан ерліктің үлгісін көрсеткен бейбіт заманның батырларынан көрме ұйымдастырылды. Музыка пәні мұғалімі Арай Мирамбекқызының хор ұжымының шығармашылығын тыңдап, жас өрендердің өнерлеріне қошемет көрсетті.
Сонымен бірге 9-10 сынып жетекшілері А.Жансейітова, Л.Байұзақова, Г.Темірбаева мен А.Баймахановалардың ұйымдастыруымен ерлік ұғымы бойынша кейс дағдыларды шешу, оқушылармен бірлескен патриоттық бағыттағы шығармашылық жұмыстармен жалғасып, ерлік ұғымы бойынша бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара барысын жүргізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Сайлауов оқушылармен бірлескен жұмыстар барысында кездесуге қатысқан қонақтардың да пікірлерін жеткізіп, тартысты өтуіне үлесін қосты. Кездесуді мектеп-лицей директоры Н.Раймов қорытындылап, өзіндік ой-пікірін жеткізді.
 Жалпы танымдық бағыттағы ерлік сабақтарының мақсаты – Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін, елінің қадір-қасиетін түсінетін азаматты тәрбиелеу және батырлардың ерлік істерін насихаттау арқылы әскери патриоттық тәрбие беру болып табылады. Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шара оқушыларды Отан алдындағы жауапкершілігін арттырып, елін қорғауға деген патриоттық рухын нығайтады деген сенімдеміз.
Айбол ҚОЗЫБАҚОВ,
А.Жанпейісов атындағы
№105 мектеп-лицей директорының
 тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
13 мамыр 2026 ж. 25 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 084
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 673

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031