ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА «БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ-ЛИГА» ЖАРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 13 қараша күні №183 орта мектеп базасында аудан мектептерінің оқушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен «Бастапқы әскери-лига» жарысының аудандық кезеңі ұйымдастырылды.
Жарыстың мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, әскери-патриоттық тәрбиені нығайту, оқушылардың дене дайындығын арттыру және әскери-қолданбалы спорт түрлеріне қызығушылығын дамыту.
Сайыс барысында оқушылар өздерінің күш-жігерін, шапшаңдығын, ептілігі мен ұйымшылдығын көрсетіп, өзара бақ сынады.
ЖАРЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША:
І орын – №279 мектеп-лицейі
ІІ орын – №250 мектеп-лицейі
ІІІ орын – №85 орта мектеп
Жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтаймыз!
Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, әскери дайындыққа баулу – маңызды міндеттердің бірі.













