ТӨРЕТАМ КЕНТІНДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Кент аумағында ұйымдастырылған кезекті сенбілікке мекеме қызметкерлері, қоғамдық жұмысшылар елді мекеннің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Тазалық жұмыстары барысында орталық көшелер мен ішкі көшелердің бойы, қоғамдық орындар, әлеуметтік және мәдени нысандардың аумақтары қоқыстардан тазартылды. Сонымен қатар, жол жиектері мен бос жатқан аумақтардағы арам шөптер шабылды.
Сенбілік нәтижесінде жиналған тұрмыстық қалдықтар мен шөп қалдықтары арнайы техникалардың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды















