» » АУДАНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

АУДАНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпыхалықтық сенбілік өткізілді.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан аумағында абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу жалғасуда. Осыған орай ұйымдастырылған сенбілікке аудан тұрғындары, ауылдық округтер, мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің қызметкерлері, ардагерлер, жастар және еріктілер белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, орталық көшелерді, саябақтар мен қоғамдық орындарды ретке келтірді. Сонымен қатар арық-атыз жүйелері тазартылып, ретсіз өскен шөптер орылып, тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалардың көмегімен белгіленген полигондарға шығарылды.

Таза әрі көрікті қоршаған ортаны қалыптастыруға бағытталған санитариялық тазалық және абаттандыру жұмыстары аудан көлемінде алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
26 шілде 2026 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 284

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031