» » ҚАРМАҚШЫДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан аумағында абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу жалғасып келеді. Осыған орай өткен сенбілікке аудан тұрғындары, ауылдық округтердің, бөлім, мекемелердің қызметкерлері, ардагерлер, жастар мен еріктілер белсене қатысып, аудан тазалығына өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында қызметкерлер өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, орталық көшелерді, саябақтар мен қоғамдық орындарды ретке келтірді. Сонымен қатар арық жүйелері қоқыстан тазартылып, ретсіз өскен шөптер шабылды. Арнайы техникалардың көмегімен жиналған қоқыс қалдықтары белгіленген орындарға шығарылды.

Аудан көлеміндегі санитариялық тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізу алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

06 шілде 2026 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30