» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ - ТҰРАҚТЫ КҮН ТӘРТІБІНДЕ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ - ТҰРАҚТЫ КҮН ТӘРТІБІНДЕ


Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық аймақтарында кең көлемді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Маңызды экологиялық шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін арнайы қатысып, экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды.

Жалпыұлттық бастамаға Қармақшы ауданы да ауызбіршілікпен атсалысып, аудан әкімі Жандос Еркінбектің тікелей бақылауымен ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Аудан көлеміндегі 2 кент және 12 ауылдық округтің барлығында сенбілік ұйымдастырылып, тұрғындар белсенділік танытты.

Сенбілікке бөлім, мекеме қызметкерлері, білім беру ұйымдары, жастар, еріктілер және аудан тұрғындары жұмыла қатысып, белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Орталық көшелер мен қоғамдық орындар, саябақтар мен арықтар тазаланып, ретсіз өскен арам шөптер де жұлынды. Сонымен қатар ағаштарды әктеу, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қатар жүргізілді. Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы техникалардың көмегімен арнайы орындарға шығарылды.

Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 сәуір 2026 ж. 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 066
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031