Мәслихаттар сайлауы
» » 20 қарашадан бастап Қазақстанда жол ережелері өзгереді

20 қарашадан бастап Қазақстанда жол ережелері өзгереді

20 қарашадан бастап Қазақстанда жол қозғалысының жаңартылған ережелері күшіне енеді. Енді кейбір қалалық жолдарда жүк көліктері мен автобустарға 90 км/сағ жылдамдықпен жүруге рұқсат беріледі. Электросамокаттар мен электрвелосипедтерге жаңа талаптар қойылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түзетулер Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 3 қарашадағы №832 бұйрығымен бекітілді. Бұған дейін елді мекендерде автобустар мен жүк көліктері үшін жылдамдық шегі 50 км/сағ болатын. Енді жол белгісі жоғары жылдамдыққа рұқсат берсе, олар да белгіде көрсетілген шекпен жүре алады. Бұл көліктер үшін ең жоғары рұқсат етілген жылдамдық – 90 км/сағ болмақ.

 Электросамокаттар мен электрвелосипедтерге жаңа талап қойылады

Жаңа ережеге сәйкес электросамокат жүргізушілері алдымен велосипед жолымен немесе велосипед жолағымен жүруге тиіс. Олар болмаған жағдайда жолдың оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік жолағымен немесе жол жиегімен жүруге рұқсат етіледі. Электросамокаттар бір қатармен қозғалуы керек. 
Техникалық сипаттамалары мопедтерге сәйкес келетін электрвелосипедтер осы санаттағы көліктерге арналған талаптарға бағынады. Яғни оларды тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және тиісті жол қозғалысы ережелерін сақтау қажет болады. Сонымен қатар 14 жасқа толмаған балалардың велосипедпен жолдың оң жақ шетімен немесе маршруттық көлік жолағымен жүруіне қойылған шектеу алынып тасталады.

Аулада көлік қыздыру тәртібі өзгереді

Жаңа ережелерден елді мекендерде қозғалтқышы қосулы тұрған көлікті тұрғындарға қолайсыздық тудырған жағдайда қоюға тыйым салатын норма алынып тасталады. Алайда бұл аулада көлікті шектеусіз қыздыруға болады дегенді білдірмейді. Тұрғын аймақтарда қозғалтқышы қосулы көлікті қоюға қатысты бөлек тыйым сақталады. Аулалар да тұрғын аймаққа жатады.

Пилотсыз көліктерге жеке талап енгізіледі

Жол қозғалысы ережелерінде алғаш рет пилотсыз көліктерге арналған жеке тарау пайда болады. Онда мұндай көліктердің қай жерде, қандай бағыттармен және қандай жылдамдықпен жүре алатыны, сондай-ақ қай жерге тоқтап, тұраққа қойылатыны белгіленеді.
Алайда бұл өзгеріс пилотсыз көліктер 20 қарашадан бастап Қазақстан жолдарында жаппай жүре бастайды дегенді білдірмейді. Жаңа талаптар оларды пайдалану тәртібін құқықтық тұрғыдан реттеуге бағытталған. Жаңартылған жол қозғалысы ережелері 2026 жылғы 20 қарашадан бастап күшіне енеді.
12 қараша 2026 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 311
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 457

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30