Мәслихаттар сайлауы
» » «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУДАҒЫ АРДАГЕРЛЕР РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖИЫН ӨТТІ

«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУДАҒЫ АРДАГЕРЛЕР РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖИЫН ӨТТІ

«Руханият» орталығында аға буынның өнегесін ұлықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы ардагерлер рөлі» тақырыбында аудан ардагерлерімен мазмұнды кездесу өтті.

Жиынға аудан әкімі Жандос Еркінбек, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жұмабек Әлиев, ауданның зиялы қауым өкілдері мен еңбек ардагерлері және аудан жастары қатысты.

Кездесуді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков ашып, бүгінгі бейбіт өмірдің қалыптасуына аға буынның қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ қазақ халқының сан ғасырлық тәрбиесінде үлкенді сыйлау, өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу дәстүрінің айрықша орын алатынына тоқталды.

Алғашқы болып сөз сөйлеген аудан басшысы:

-Сіздер жүріп өткен еңбек жолы – біз үшін үлкен өнеге. Еліміздің бүгінгі жетістіктерінің негізінде сіздердің маңдай терлеріңіз бен адал еңбектеріңіз жатыр. Қазірде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып келесіздер. Осы ретте ауданымыздың дамуына сіңірген өлшеусіз еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін,-деді.

Жиын барысында ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар ардагер аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, құрмет көрсетілді.

Мұнан соң облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жұмабек Әлиев ардагерлер қозғалысының маңыздылығы мен қоғамдық тәрбиедегі аға буынның рөліне тоқталып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлестері үшін ардагерлерді Құрмет грамотасымен және «Құрметті ардагер» медалімен марапаттады.

Жиында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдрахман Құлдүйсенов «Үлкенді құрметтеу – ұлттық дәстүр» тақырыбында ой өрбітсе, «Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры Күлшара Қаниева «Кітаппен келешекке» тақырыбында баяндама жасап, кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ «Ораз ахун» мешітінің имамы Нұрбол Ибрагимов «Дәстүрлі дін және ұлттық бірегейлік: жат ағымдарға жол жоқ» тақырыбында сөз сөйлесе, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Шегебай Құндақбаев «Алтын Орда – тарихи сана мен бабалар аманаты» тақырыбында тарихи таным мен туған жер мұрасының маңызын атап өтті.

Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұржұман Пірназаров, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева, ішкі істер органдарының ардагері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Есет Назарқұлов та сала бойынша өз ойларымен бөлісті.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлердің қоғамдағы орнына, олардың өнегесіне әрдайым ерекше мән беріп келеді. Сіздерге деген құрметіміз әрдайым биік. Баршаңыздың шаңырақтарыңызға шаттық пен құт-береке тілеймін,- деп Жандос Еркінбек жиынды қорытындылады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

11 қараша 2026 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 303
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 453

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30