» » ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ӨНЕГЕ

ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ӨНЕГЕ

«Қарты бар ел – қазыналы ел» дейді дана халқымыз. Өйткені өмірдің талай белесін артқа тастап, елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан аға буын – кейінгі ұрпаққа ақыл-кеңесі мен өнегесін беріп келе жатқан қадірлі жандар.
Осы орайда ауданымызда Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Жиында аудан әкімі Жандос Еркінбек ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтап, аға буынға деген құрметін білдірді.
– Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақылдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі әрқайсысыңыздың киелі мекеннің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңізді біз жақсы білеміз. Бүгінгі бейбіт өміріміз – сіздердің маңдай терлеріңіз бен еңбектеріңіздің жемісі. Бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне жұмсаған қарттарымыздың алдында әрдайым қарыздармыз, – деді аудан басшысы.
Мерекелік іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев, тағы басқалары жылы лебіздерін айтып, ақжолтай тілектерін жеткізді.
Ауданда «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлеріміз Байқоңыр, Қызылорда және Түркістан қалаларына барып қайтқан. Ардагерлерге көрсетілетін қолдау алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Іс-шарада бірқатар ардагерге аудан әкімінің Құттықтауы табысталып, құрмет көрсетілді.
Кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Жыршылар мен өнерпаздар әнжырларын орындап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Қариясын қадірлеген елдің берекесі бекем. Аға буынға құрмет көрсету – халқымыздың ұрпақтанұрпаққа жалғасып келе жатқан жақсы дәстүрі.
Б.МАДИЯР
07 қазан 2026 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 995
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031