Мәслихаттар сайлауы
» » АРДАГЕРЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

АРДАГЕРЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ


Аудан әкімінің қолдауымен ардагерлер алқасының делегаттары Жосалы кентін аралап, кейінгі жылдары жүзеге асырылған жаңғырту жұмыстарының тыныс-тіршілігімен танысты.

Танымдық сапарды «Руханият» орталығынан бастап, орталықтың жұмысымен, оның құрамындағы ардагерлер, әйелдер кеңесі, музей, кітапхана және жастар арасында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Мұнан соң делегат қайта жаңғыртудан өткен Дендро саябаққа барып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының нәтижесін көрді. Кент тұрғындарының демалысына қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған саябақтың жаңаруы да елді мекеннің көркін арттыра түскен.

Сапар барысында тұрғындардың көптен күткен батыр Бауыржан Момышұлы көшесіне асфальт төсеу жұмыстарымен танысса, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылған «Ырыстыжан» сауда орталығы мен «Фариза» кондитерлік дүкенін де көрді. Бүгінде бұл кәсіпкерлік нысандардың жұмысы қарқынды. Жергілікті тұрғындарға қажетті тауарлар ұсынылып, кондитерлік өнімдер өндірісі жолға қойылған.

Ардагерлер сондай-ақ Жосалы теміржол вокзалына барды. Ғасырдан астам тарихы бар теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан өтіп, жақында облыс әкімінің қатысуымен ел игілігіне берілген болатын. Делегат вокзал ғимаратының жаңартылған келбетімен, жолаушыларға жасалған жағдайларына өздерінің оң бағасын беріп өтті.

Қазыналарымыз Накипов көшесіндегі салынып жатқан тұрғын үйлермен сапарды қорытындылады.

Жалпы танымдық сапар барысында аға буын өкілдері Жосалы кентіндегі рухани-мәдени, әлеуметтік және кәсіпкерлік бағыттағы жұмыстармен кеңінен танысты. Ел игілігіне бағытталған әрбір істің артында тұрғындардың тұрмысын жақсартып, кенттің келбетін көркейту және болашаққа қолайлы орта қалыптастыру мақсаты тұрғаны айтылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

11 қараша 2026 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 303
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 453

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30