ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ ДЕНДРО ПАРК ЖАҢАРУДА
Жосалы кентінің көркін арттырып, тұрғындардың демалысына қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Осы орайда аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі дендро паркке барып, мұнда жүргізілген абаттандыру жұмыстарының сапасын тексерді.
Қазір аумақтағы тас төсеу (брусчатка) жұмысы толық жаңартылып, саябақтың сәнін келтіретін субұрқақ (фонтан) толық жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар аумаққа жаңа жарықтандыру жүйесі де орнатылды.
Тұрғындардың тынығуына қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында орындықтар орнатылып, демалыс орындары жаңартылды. Сондай-ақ саябақ аумағындағы арка толық жөнделіп, қалпына келтірілді.
Аудан әкімі жұмыс барысында атқарылған жұмыстарды аралап көріп, нысанның жалпы жағдайына, жөндеу сапасына және абаттандыруды талапқа сай орындалуына назар аударды.
Жауапты мамандарға саябақ аумағын тұрақты күтіп ұстау, тазалықты қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

















