АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан құрылыс, жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Алдымен аудан басшысы теміржол вокзалы ғимаратында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, мердігер мекеме өкілдерімен атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімі жөнінде айтылды. Құрылыс жұмыстары жақын арада толық аяқталып, нысанның тұрғындар игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Одан кейін аудан әкімі Жосалы кенті әкімі аппараты тарапынан жөнделіп жатқан ғимаратымен танысып, нысанды белгіленген талаптарға сәйкес аяқтау қажеттігін атап өтті.
Аралау барысында Ораз Ахун көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының құрылысы да назарға алынды. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ұзындығы 1,7 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолын салуға бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Келесі кезекте аудан басшысы «Дендро парк» саябағындағы жөндеу және абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда саябақ аумағында аяқ су жүйесін қалпына келтіру, көгалдандыру және аумақты көркейту жұмыстары қайта қолға алынған.
Сонымен қатар аудан әкімі «Қазақ хандығы» аллеясының қазіргі жай-күйін көріп, аумақты күтіп ұстау және абаттандыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
Аралау соңында аудан басшысы күрделі жөндеуден өткен ұзындығы 1,35 шақырым болатын Н.Нақыпов көшесін және осы аумақта жаңадан салынатын тұрғын үйлерге бөлінген жер учаскелерін аралады. Жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстап, барлық жобаларды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Аудан әкімі әрбір нысан бойынша тұрғындардың қауіпсіздігі, қолайлылығы және елді мекеннің сәулеттік келбетін жақсарту басты назарда болуы тиіс екенін айтып, барлық жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
















