» » ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫ НАЗАРДА

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫ НАЗАРДА

Аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы және Жаңажол ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында аудан басшысы ауыл шаруашылығы бағытындағы бірқатар нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Алдымен Жосалы ауылдық округіндегі «Шабан ата» шаруа қожалығының егіс алқабына барып, бақша егу жұмыстарының барысын көрді.
Мұнан кейін Жаңажол ауылдық округінде «Жаңажол» ЖШС-нің қашыртқы каналы мен су айдау құрылғыларының жұмысымен танысты. Сонымен қатар серіктестіктің алма бағына барып, баптау жұмыстарының жай-күйін көрді.
Жұмыс сапары аясында аудан басшысы «Жаңажол» ЖШС-нің күріш алқабына да барып, егіс жағдайымен танысты. Шаруашылық басшыларымен пікір алмасып, мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады.
Сапар қорытындысымен аудан әкімі сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, сапалы әрі нақты орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
«ҚТ» ақпарат
07 шілде 2025 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 090
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 748

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031