» » Егіс алқаптарын аралады

Егіс алқаптарын аралады

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы аудандағы егіс алқаптарын аралап, жұмыстарымен танысты.
Алдымен аудан әкімінің орынбасары «Ақжар» шаруа қожалығына барып, көктемгі егіс жұмыстарының барысын көрді. Егістік басында шаруашылықтың бүгінгі күндегі хал-ахуалы туралы серіктестіктің төрағасы Нұрлан Қомшабаев толық баяндап өтті.
Одан соң, Ақтөбе ауылдық округіндегі «Қармақшы Құс» ЖШС-нің жұмыс барысмен танысып, құс фабрикасын қысқа мерзім ішінде іске қосу, өнім шығару және сату бағытындағы шараларды қабылдау жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Жаңажол ауылдық округіндегі ерекше күтімге алынған алма бағының жұмысын бағамдап, егін шаруашылығы жақсы жолға қойылған «Жаңажол» ЖШС еңбеккерлерімен кездесті.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы алқаптарын тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталып, мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге баса мән беріліп отырғанын айтты.
Серіктестік төрағасы Орынбасар Төлепов өз кезегінде шаруашылықтың келешегі туралы ойларын жеткізіп, көктемгі егіс жұмыстарының барысын баяндады.
Сондай-ақ, шаруашылықтар тарапынан халыққа бақшаға жер ашу мәселесі айтылды.
https://www.instagram.com/p/Cqe2QhFq3K_/?utm_source=ig_web_copy_link

01 сәуір 2023 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930