Аудан әкімі суармалы егістік алқаптары мен каналдарды аралады
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков суармалы егістіктің жай-күйімен танысып суармалы күріш алқаптары мен канадарды аралап көрді.
Бүгінгі таңда аудан көлемінде күріш алқаптарын суға бастыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Осы ретте аудан әкімі Мұса Оспанұлы мен аудан әкімінің орынбасары Ж. Ерқосаев және сала мамандары бірлесіп егістік алқаптарға негізгі су жіберіп отырған каналды аралап жұмыстарды бақылап көріп шықты.
Қазіргі таңда жоғарыдан түсетін суды егін алқаптарына жіберу жоспарлануда екенін су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының «Қармақшысушар» мемлекеттік мекемесінің директоры Ерболат Бодыбаев жеткізді.
Алайда әлі де болса аудан көлеміндегі егістік жерлерде су тапшылығы сезіліп отыр. Жұмыс барысындағы кездесуде аудан басшысы
-Бүгінгі қалыптасқан жағдайды қатаң бақылауда ұстауымыз керек. Шаруашылықтардың кандарға жіберілетін судың кестесін әзірлеп, толыққанды суару үшін талдау жұмыстарын жүргізу қажет. Күнделікті судың келетін көлемін анықтап, қаншалықты жеткілікті мөлшерде екенін есептеп, басқа да каналдардағы қалыптасқан жағдайды зерделеу керек, - деді аудан әкімі Мұса Оспанұлы.
Сонымен бірге облыстық мәслихат депутаты «Жаңажол» ЖШС директоры О. Төлепов әлі де су тапшылығы орын алып отырғанын айтып, ұсынысын жеткізді. Толыққанды күріш егуді аяқтау үшін жоғарыдан түсетін су мөлшері жеткіліксіз екенін атап өтті.
Аудан басшысы егістіктерді аралау барысында Иіркөл ауылдық округі маңындағы шағын шаруашылықтағы күрішті суару жұмыстарымен танысты. Мұндағы мәселелерді арнайы көріп, тиісті сала басшыларымен ұсыныс пікірлерді талқылады.
Алдағы уақытта да аудан көлемінде атқарылып жатқан көктемгі дала жұмыстары мен күріштік алқаптарын суару жұмыстары күн тәртібінен түспей бақылауда болады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі