» » Облыстық басқарма басшысы кәсіпкерлік нысандарды аралады

Облыстық басқарма басшысы кәсіпкерлік нысандарды аралады




Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ф.Қожабергенов келіп, аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаевпен бірге кәсіпкерлік нысандарды аралады.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты кәсіпкерлермен кездесу, ауданымызда жаңа жобаларды жүзеге асырылуына қолдау көрсету, кәсіпкерлік саласын қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру болып табылады.

Алғашқы нысан Ақжар ауылдық округіндегі шемішкі майын сығу цехын ашу жобасымен танысудан басталды.

Мұнан кейін жұмыс сапары барысында Ақтөбе ауылдық окургіндегі күріш өңдеу цехын ашу жобасымен, Жаңажол ауылдық округінде жеңіл металлоконструкциялар, шуруп, шеге шығару цехының, Төребай би ауылында биогумус шығару, Жосалы кенті мен Ақай ауылдық округінде газоблок шығару цехтарымен, Төретам кентінде «Мир-2001»ЖШС-нің бетон бұйымдарын шығару шағын зауытының жұмыстарын көріп, кәсіпкерлермен кездесті.

Кездесуде кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп және несие беру ұйымының өкілінің қызметі таныстырылып, жұмыс барысында бірлесіп жұмыстар жүргізуге кеңестер берілді.

Өз тарапынан кәсіпкерлер жауапты басшыларға толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
08 тамыз 2021 ж. 791 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930