» » КІТАПҚА ҚҰШТАРЛЫҚ – РУХАНИЯТҚА ІҢКӘРЛІК

КІТАПҚА ҚҰШТАРЛЫҚ – РУХАНИЯТҚА ІҢКӘРЛІК

Ауданымызда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың рухани танымын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Үздік оқырман – 2026» байқауының аудандық кезеңі өтті. «Руханият» орталығында ұйымдастырылған байқауға ауданның кітапсүйер қауымы қатысып, өзара білімдері мен кітап оқу деңгейі бойынша бақ сынады.

Байқаудың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысушыларға сәттілік тілеп, кітап оқудың адам өміріндегі маңызына тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту, білімді әрі зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамаларын атап өтіп, мұндай жобалардың жас ұрпақтың таным көкжиегін кеңейтудегі рөліне назар аударды.
Іс-шара барысында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» иегері Қаршыға Есімсейтова да үміткерлерге ақжолтай тілегін білдірді.
Айта кетейік, байқаудың алғашқы кезеңіне 1000-нан астам үміткер қатысқан. Солардың арасынан іріктелген 70-тен астам оқырман аудандық кезеңде бақ сынап, білімін, ізденісін және әдебиетке деген қызығушылығын танытты.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Т.Көмекбаев ауылының тұрғыны Мусабек Шамшатовқа бұйырып, 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. Төретам кентінің тұрғыны Рыскүл Ысқақова бірінші орынды иеленіп, 40 мың теңгелік сыйлықпен марапатталды. Ал Т.Көмекбаев ауылының тұрғыны Алмат Қайырқұлов екінші орынға лайық деп танылып, 30 мың теңге алды.
Үшінші орын Ақтөбе ауылының тұрғыны Маржан Сыдықова мен Иіркөл ауылының тұрғыны Дастан Алмановқа беріліп, әрқайсысына 20 мың теңгеден табысталды. Сонымен қатар бес қатысушы ынталандыру сыйлығымен марапатталып, олардың әрқайсысына 10 мың теңгеден берілді.
Осылайша, байқау кітапты қадірлейтін, білімге құштар оқырмандардың басын қосып қана қоймай, ауданда оқу мәдениетін кеңінен насихаттауға жол ашты. Енді жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады.
Кітап – адамды ізденіске жетелеп, ой-өрісін кеңейтетін сарқылмас қазына. Осындай тағылымды байқаулар оқырман мен әдебиет арасындағы байланысты нығайтып, кітап оқуды күнделікті өмірдің ажырамас дағдысына айналдыруға ықпал етеді.

Бауыржан ЖҮНІС
07 қараша 2026 ж. 53 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 271
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 427

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30