«ҮЗДІК ОҚЫРМАН – 2026»
️Кітап-рухани қазына,ал оны сүйіп оқитын оқырман-кітапхананың ең үлкен байлығы. Алдашбай ахун ауылдық кітапханасында «Үздік оқырман–2026» облыстық байқауының І-кезеңі болып өтті.
Мереке күніндей боп өткен бұл байқауға оқырмандар жақсы көңіл күймен қатысты деп ойлаймын. Әр оқырманнан кітапқа деген сүйіспеншілік байқалады. Байқау - бұл тек жеңімпазды анықтайтын сайыс емес,ол кітап пен оқырман арасындағы рухани байланысты нығайтатын және кітап оқудың маңызын насихаттайтын тағылымды шара.
Мемлекет басшысының Қазақстанды әлемдегі ең көп оқитын он елдің қатарына қосу, зерделі ұлт қалыптастыру және оқу мәдениетін дамыту жөніндегі жарлығын жүзеге асыру аясында өткізілген байқауға 60 оқырман қатысты.
Байқау барысында үміткерлер тестілеуден өтіп, Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» кітабына енген шығармалар бойынша сұрақтарға жауап берді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен төрт оқырман келесі кезеңге жолдама алды.
Байқауға қатысып,бағын сынап белсенділік танытқандары үшін барлық қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз! Кітаппен дос болған әр оқырманға-мың алғыс.

















