» » «КІТАП КЕРУЕНІ» ДҮР ОҢҒАР АУЫЛЫНА КЕЛДІ

«КІТАП КЕРУЕНІ» ДҮР ОҢҒАР АУЫЛЫНА КЕЛДІ


Кітап оқуды насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Кітап керуені» жобасы Қармақшы ауданының Дүр Оңғар ауылына келді.

Шараның салтанатты ашылуына Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғ.Нысанбаев, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы С.Көзейбаев қатысып, жобаға сәттілік тіледі. Сонымен қатар өңірдің ақын-жазушылары мен мәдениет қайраткерлері арнайы қатысып, рухани бастамаға қолдау білдірді.

Іс-шара «Сыр елі – кітап керуені» атты мәдени бағдарламамен басталды. Бағдарлама аясында кітапхана саласының үздік мамандары мен белсенді оқырмандарына Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хаттары табысталып, оқырмандар «Үздік оқырман», «Ең белсенді оқырман», «Кітап жанашыры», «Үздік жас оқырман» және «Үздік оқырман отбасы» номинацияларымен марапатталды. Бағдарлама барысында «Өлке руханияты: жыр мен ойдың тоғысы» атты әдеби кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ақындар А.Үсенов пен Д.Нәзікбаев, белгілі жыршы А.Ешбаева және Қармақшы ауданының қаламгерлері қатысып, әдебиет пен руханияттың қоғамдағы орны туралы ой бөлісті.

Сонымен қатар, жастар аудиториясына арналған «Кітап. Білім. Цифрлық технология» тақырыбында шеберлік сағаты, “Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті.

«Кітап керуені» жобасы тұрғындардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және ұлттық рухани құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды мәдени бастама ретінде өз жалғасын табады.

22 маусым 2026 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930