» » Оқырмандар сайысты

Оқырмандар сайысты

qarmaqshy-tany.kz Кент кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасынан әдеби сайыс өтті. Аталған акция елімізде 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның міндеті – ұлттық әдебиетіміздегі үздік туындыларды оқу және насихаттау, қазақ әдебиетін дәріптеу, рухани мұрамызды сақтау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлікрухани дамуына ықпал ету.
Іс-шараға аудан орталығындағы кітапхана қызметкерлері, оқырмандар мен А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар, Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығына арналған «Кемел ойдың керуені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені кітапханашы Ғазиза Ақжанова таныстырды. Мұнан соң Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының жазушы Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасы желісі бойынша түсірілген фильмі оқырман назарына ұсынылды.

Сайыс барысында оқырмандарға шығарма бойынша сұрақтар қойылып, белсене қатысқандары аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының Алғыс хатымен марапатталды.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
12 мамыр 2023 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 273
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031