» » Заңғар ойлы қаламгер

Заңғар ойлы қаламгер

qarmaqshy-tany.kz АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ОҚЫРМАНДАРДЫ ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫМЕН, ӨМІРІМЕН ТАНЫСТЫРУ, ЖАСТАРДЫҢ КІТАП ОҚУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БІР ЕЛ-БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АҚЫН ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ «ОҢ ҚОЛ» ӘҢГІМЕСІ БОЙЫНША «ЗАҢҒАР ОЙЛЫ ҚАЛАМГЕР» АТТЫ ФЛЕШБУК ӨТТІ.
Алдымен кітапханашы Назерке Жүсіпбекованың ақын, драматург, жазушы Төлен Әбдіктің өмір жолына арналған деректі бейнефильмін тамашалаумен басталған іс-шара одан әрі оның құрметті қонағы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Гүлжауһар Раеваның ақын шығармалары жайлы естелігімен, ұйымдастырушыларға ізгі тілек білдіруімен жалғасты.
Содан соң Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің оқушылары ақынның «Оң қол» әңгімесінен жатқа үзінділер айтса, шараға қатысушылар режиссер Жәнібек Кәкімжанның түсірген «Оң қол» фильмін тамашалап, өз пікірлерін жеткізді.
Танымы мен тағылымы мол шараны аудандық орталық кітапханасының директоры Күлшара Қаниева қорытындылап, оның жоғары дәрежеде өтуіне белсене араласқан №26 орта мектептің бір топ оқушысына кітапхана дирекциясы атынан алғыс айтып, сый-сияпат жасады.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
04 сәуір 2023 ж. 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930