» » Жазушының шығармалары таныстырылды

Жазушының шығармалары таныстырылды

qarmaqshy-tany.kz  "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған.

Биыл 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына ЖЫЛ КІТАБЫ болып жазушы Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді.

Төлен Әбдік-қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер. Тұңғыш рет 1969 жылы "Көкжиек"әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын ала келген белгілі жазушы ретінде танымал.

Бүгін кітапханаға келген оқырмандарға кітапхананың кіре беріс фойесінде ұйымдастырылған "Бір ел-бір кітап"атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті.
Оқырмандар жазушының өмірбаянынан бастап, творчестволық қызметі және шығармаларымен танысты.

18 қаңтар 2023 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 047
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031