» » Кітап оқы, жетістікке қадам бас

Кітап оқы, жетістікке қадам бас

qarmaqshy-tany.kz Аудандық орталық кітапханада 23 сәуір – дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне байланысты «Кітап оқы, жетістікке қадам бас» атты «Кitaр fest – 2023» кітап фестивалі өтті.
Арнайы шақырылған қонақтар, кітапхананың тұрақты оқырмандары, мектеп оқушыларының қатысуымен өткен фестивальді аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Дәурен Ержанов ашып, оның өткізілу мақсатымен таныстырса, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Гүлжауһар Раева жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Одан әрі фестивальде «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты ақын өлеңдеріне арналған оқу марафонында оқушылар Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айтса, кітапханашы Динара Қосназарова «Бір ел – бір кітап» аясында 2007 жылдан бастап аталып өтіліп келе жатқан республикалық акция аясында таңдалған шығармалармен, «Сый естелік және тарих» атты қолтаңбасы бар әдебиеттерге арналған кітап көрмесімен кітапханашы Назерке Жүсіпбекова таныстырды.

Іс-шарада «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша жазушы Төлен Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесі желісінен кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен сахналық қойылым көрсетілсе, «Әдеби лото» және «Библио почта» интеллектуалды сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Онда қонақтар мен оқырмандар белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті.

Фестиваль барысында ақын Дастан Нәзікбаев жастарға кітап оқудың қажеттілігін, оның маңыздылығын түсіндірді.

Іс-шараны аудандық орталық кітапхана директоры Күлшара Қаниева қорытындылап «Әдеби лото», «Библио почта» ойындарына белсене қатысқан оқушыларды қаржылай сертификатпен, арнайы сыйлықпен, Алғыс хаттармен марапаттады.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
25 сәуір 2023 ж. 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031