» » Құндылық көзі кітапта

Құндылық көзі кітапта


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен 20 қыркүйек күні жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын – «KitapTime – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.
Кітап оқуды кеңінен насихаттау, рухани, интеллектуалдық даму жолында жастарды ынталандыру және мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылатын республикалық шара биыл Елорданың рухани ордасы – Ұлттық академиялық кітапхананың 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Дәл осы күні кітап мерекесі республиканың көпшілік кітапханаларының ұйымдастыруымен еліміздің әр өңірінде өткізілді. Аудандық кітапханада фестиваль аясында «Құндылықтың күллі көзі – кітапта» атты 7 бөлімнен тұратын кітап көрмесінің таныстырылым өтті. Әрбір бөлімді кітапханашы Д.Қосназарова, М.Жазықбаева, Ұ.Өтешовалар оқырмандарға қызықты етіп таныстырылып жасады. Көрмеге 26  кітапқұмар оқырман қатысты.
Сондай-ақ кітап оқу мәдениетін көтеру, әдебиеттерді насихаттау, оқырмандарды кітапханаға тарту және олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бойынша ұйымдастырылған фестиваль  «Адамзаттың аманаты – ­ кітапта» атты интеллектуалды ойынымен жалғасты. Ойынға Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектеп оқушылары қатысып, белсенділік танытты.

Г.ЖАНӘДІЛОВА,
аудандық орталықтандырылған кітапхананың
әдістеме-библиография бөлімінің  меңгерушісі
24 қыркүйек 2024 ж. 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930