» » Қармақшыда "Үздік оқырман отбасы" байқауы өтті

Қармақшыда "Үздік оқырман отбасы" байқауы өтті

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы №105 мектеп-лицейінде 2022 жылдың 16 қараша күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу, туған жеріне деген патриоттық сезімін ояту мақсатында «Үздік оқырман отбасы» байқауы өтті. Байқауды №105 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Оқуға құштар мектеп» жобасының жетекшісі Серпенова Жазира мен №105 мектеп-лицейдің кітапханашысы Бисембаева Анар ұйымдастырды.
Байқау бес кезең бойынша өтті.
1.«Кітап және менің отбасым» бейнебаян (3 мин).
2.«Отбасымыздың сүйікті кітабы» сахналық көрініс (5-7 мин).
3.«Ерте, ерте, ертеде...» ертегі құрастыру (5 мин).
4.«Білімнің-көзі кітапта» сұрақ-жауап кезеңі.
5.«Отбасы шығармашылығы» (поэзия).
Байқауға мектебімізден төрт отбасы қатысты. Атап айтқанда Байдрахмановтар отбасы, Әмірбековтер отбасы, Сүюналиевтер отбасы, Бақытбековтер отбасы белсенділікпен қатысты.
Байқау барысында отбасының сүйікті кітабы, қазақ ертегілері жайлы сахналық қойылымдар, отбасының оқыған кітаптары жайлы бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Үздік оқырман отбасы» байқауын №105 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қозыбақов қорытындылап, белсенділікпен қатысқан отбасылар «Алғыс хатпен» марапатталды.
22 қараша 2022 ж. 1 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031